Спорт

Чемпиондар шеберлік сабағын өткізді

Темір ауданында байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген бір топ спорт майталманымен кездесулер өтіп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Шараны Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов ұйымдастырды.

Бокстан әлем чемпионы, ҚР спорт шебері Галиб Джафаров, еркін күрестен ҚР екі дүркін чемпионы Қартбай Мейрамбек, еркін күрестен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Нұрислам Санаев, дзюдодан әлем біріншілігінің жүлдегері Рустам Ибраев сынды спортшылар алдымен аудан әкімі Жолдас Батырханның қабылдауында болып, кейін «Досжан хазірет» мемориалдық кешені мен құрылысы аяқталуға жақын денешынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты. Артынша жігіттер жас кәсіпкер Нұрсұлтан Қабылдың «ProFitness» фитнес клубының ашылу салтанатына қатысты. Одан бөлек чемпиондар коворкинг орталығында жастармен кездесіп, Темір аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізуге де уақыт тапты.

 Алау АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button