Жаңалықтар

Бір тәулікте 10 жағдай тіркелді

COVID-19

31 қазан күні бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді. Олардың төртеуінде аурудың клиникалық белгілері болса, алтауы — симптомсыз.

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындысы көрсеткеніндей,  Ақтөбе қаласының екі тұрғыны мен Қарғалы ауданының екі тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылған. Аталған төрт әйел ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, КВИ белгілері бар қауіпті індет сол кезде анықталған. Сондай-ақ, 6 адамнан (4 ер адам мен 2 әйел) КВИ-дің симптомсыз түрі анықталып, COVID-19 диагнозы қойылыпты. Үшеуі — Ақтөбе қаласының, екеуі — Алға ауданының, біреуі — Қарғалы ауданының тұрғыны. Төрт адамнан аурудың алдын алу мақсатында тексерілу барысында, науқаспен қарым-қатынаста болған біреуінен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілу кезінде, тағы бірінен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде қауіпті індет анықталған.

Жалпы облыста КВИ-мен ауырған 3321 жағдай тіркелді, оның ішінде 49 пайызы —ауру белгілерімен (1626) және 51 пайызы — симптомсыз (1695) жағдай. 3236 (97,4%) науқас жазылып шықты.

Таратып айтсақ, 2386 жағдай — Ақтөбе тұрғындарының үлесі, тіркелгендердің 1065-і —  симптомсыз. Аудандар бойынша: Әйтеке би — 20 (8), Алға — 94 (76), Байғанин —57 (35), Ырғыз — 54 (38),  Қобда — 14 (13), Қарғалы — 33 (18), Мәртөк — 60 (28), Мұғалжар — 172 (124), Темір — 190 (158), Ойыл — 21 (10), Хромтау — 112 (60), Шалқар — 108 (62).

Жалпы тіркелген 3321 науқастың 2,7 пайызы (91) —  сырттан әкелінген, 13,4 пайызы (446) — науқаспен қарым-қатынаста болған, 83,8 пайызы (2784) — жергілікті жағдайлар, оның 28,5 пайызы (949) — профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда 186 адам үй карантиніне алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Өз тілшімізден.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button