Жаңалықтар

Рүстем Исаев — денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Исаев тағайындалды.
44 жастағы Рүстем Исаев Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің түлегі, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимациялық бөлімнің санитары болып бастаған.
Әр жылдары Ойыл аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалар алдында Ақтөбе медициналық орталығын басқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button