Әлеумет

Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Елеусінова онлайн режимінде тікелей эфир арқылы «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» мағлұмат берді.

Б.Елеусінованың айтуынша, бүгінде облыс бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың саны 27382, соның ішінде мүгедек – балалардың саны – 3777.

—  Облыс бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасайды.2020 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту органдарына 825 мүгедек жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп,  800 мүгедек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 58  адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар,  2020 жылы 14  мүгедекке  арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жұмыс берушілердің шығынын өтеуге  республикалық бюджеттен 7202,0 мың теңге қаражат  бөлінді. Есепті кезеңге  4 жұмыс орны жабдықталды (Шалқар, Хромтау, Қобда аудандары және Ақтөбе қаласы).2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектері бар азаматтар үшін әлеуметтік қызметтер көрсету порталы іске қосылды. Бүгінгі күні аталған портал бойынша мүгедектер арнайы тандауды қажет етпейтін техникалық жабдықтардың 24 түрін алып отыр. Осы санаттағы азаматтарға порталды қолдануға ықпал ету үшін Ақтөбе қаласында және аудандарда қызмет көрсетудің 52 аймағы ашылды, —  деді ол. Б.Елеусінованың айтуынша, 27 қазанындағы дерек бойынша, облыс бойынша порталға техникалық оңалту құралдардың алу үшін 2124 тапсырыс түсті, сонымен қатар396 тапсырыс орындалды.

Шара барысында портал арқылы көрсетілетін басқа да қызметтер туралы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы да айтылды.

М.Сатаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button