Жаңалықтар

Бір күнде 4 адам коронавирус жұқтырды

27 қазан күні коронавирус жұқтырған төрт адам тіркелді. Науқастардың үшеуі Ақтөбе қаласынан болса, біреуі Хромтау қаласының тұрғыны. Екі науқаста тұмау белгілері байқалып, медициналық көмекке жүгінген кезде вирустың бар екені анықталған. Ал екі науқастың COVID-19-ға тексерілген кезінде індет жұқтырғаны анықталған. Соңғы аптада коронавирус жұқтырғандардың саны өсіп барады. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап жүруді ескертеді. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3291 адам  тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1611) және 51%-ы симптомсыз (1680) жағдай. 3227 науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында 2370 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 92,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 27, Мәртөк — 60, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 106, Шалқар ауданында 108 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3291 науқастың 2,5%-ы сырттан келген.  Қазіргі таңда үй карантиніне 110 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Департамент мамандары облыс тұрғындарын коронавирус  инфекциясының алдын алу үшін мерекелік, отбасылық шараларды тоқтата тұру керектігін және бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану,  әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button