Денсаулық

Жүкті әйелдер қымбат диагностиканы тегін өтеді

2020 жылдың тамыз айынан бастап облыста 105 жұмыссыз жүкті әйел уақытша сақтандыру мәртебісін иеленді, яғни сақтандырылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры олар  жеңілдетілген санаттан шығып қалмау үшін осындай жағдай жасап отыр.  Жүкті әйелдер барлық анализдерді, скринингтерді тіркелген жері бойынша орналасқан емханалардан тегін өте алады.

Ал жұмыс жасайтын жүкті әйелдер үшін МӘМС  жарналары мен аударымдарын жұмыс берушілер төлейді.  Жұмыс жасамайтын жүкті әйелдерге қатысты айтсақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры оларға бір рет және  бір ай мерзімге сақтандырылған емделушінің уақытша статусын ұсынады. Бұл  болашақ аналарға уақытынан кешікпей скринингтік зерттеулерден өтуге және жүктілігі бойынша есепке тұрулары үшін  қажетті анализдерді тапсыруға мүмкіндік береді.

— Уақытша мәртебе беру рәсімі өте қарапайым. Сақтандырылмаған жұмыссыз жүкті әйелдер филиалға өтініш жасайды. Біз Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы әйелді есепке аламыз. Ол үшін  анықтама, жеке бас куәлігін қоса тіркеп, өтініш толтыруын сұраймыз. Өтініш толтырылған күннен бастап үш күн ішінде өңделеді, — деді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев.

Уақытша мәртебе алған жүкті әйелдер мүмкіндікті пайдаланып, уақытында тексерулерден өткені жөн.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button