Денсаулық

Бір күнде коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді

Соңғы аптада облыста індет жұқтырғандардың саны көбейіп барады. Тұрғындар барынша сақтанып жүргені дұрыс. Қоғамдық көліктер мен адам көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде таққан жөн. Облыстық тауралар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 21 қазан күні коронавирус жұқтырған бес адам тіркелсе, 22-сінде екі адамнан анықталған.  Соңғы тіркелген екі адам да Ақтөбе қаласынынң тұрғындары. Бірі — 1984, екіншісі 1983 жылы туған. Бірінде ауру белгісі көрінсе, екіншісінен симптомдары байқалмаған. Бірақ тексерілу кезінде анықталған.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3280 адам  тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1608) және 51%-ы симптомсыз (1672) жағдай. 3220 науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында 2363 адам ауырса,  Әйтеке би — 20, Алға — 92,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 27, Мәртөк — 60, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 102, Шалқар ауданында 108 адам вирус жұқтырған. Жалпы, тіркелген 3280 науқастың 2,5%-ы сырттан келген.  Қазіргі таңда үй карантиніне 77 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Департамент мамандары облыс тұрғындарын коронавирус  инфекциясының алдын алу үшін мерекелік, отбасылық шараларды тоқтата тұру керектігін және бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану, әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button