Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

21.10.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді. Оның 2-нің клиникалық симптомдары бар, ал 3-уі – симптомсыз ауру.
Ақтөбе қаласының тұрғыны – 1950 жылғы әйел адам, Мәртөк ауданының тұрғыны – 1972 жылғы ер адам КВИ ауру белгілерімен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгініп, COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.
3-і – симптомсыз ауру, ер адамдар – біреуі Түркістан облысының азаматы, екеуі – Ақтөбе қаласының тұрғыны. 2 пациентке де COVID-19-ға профилактикалық мақсатта тексерілу барысында Мәртөк ауданының «Жайсаң» мемлекеттік шекарасында ПТР зерттеулері қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылған, 1 пациентте профилактикалық мақсатта тесерілу барысында COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3278 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1607) және 51%-ы симптомсыз (1671) жағдай. 3219 (98,4%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2361 жағдай, оның ішінде (1054 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 57 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 57 (27), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 193 (159), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 102(50), Шалқар ауданы – 107 (61).
Жалпы тіркелген 3278 науқастың 2,5% (87) сырттан әкелінген, 13,5% (442) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,8% (2749) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (932) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 47 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button