Жаңалықтар

«Достық» саябағы салынды

Мәртөк ауданының орталығына құны 178 миллион теңге тұратын «Достық» саябағы салынды.  Аудан әкімінің орынбасары Медет Ысқақовтың айтуынша, ауданда 33 түрлі ұлт тұрады. Саябақтың атауын ұлттардың бірлігі мен ынтымағын насихаттау мақсатында «Достық» атапты. Құрылысты «Кмк-Строй» мекемесі жүргізген. Негізгі құрылыс жұмысы 2018 жылы басталыпты.  Қараша айының басында саябаққа көшет егіледі. Саябақта субұрқақ, концерт қоятын сахна бар. Мерекелік шараларды енді мәртөктіктер осы жерде өткізеді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button