Жаңалықтар

Құдайберген Жұбановқа ескерткіш орнатылды

Жұрын ауылындағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектептің алаңына қазақтың біртуар ғалымы, жерлесіміз Құдайберген Жұбановқа ескерткіш орнатылды. Ескерткішті орнатуға демеушілер көмектесті. Облыстық комиссияда қаралып, рұқсатнамасын алған жобаның құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталды.

— Ғалымның атын иеленіп отырған мектеп болған соң осы жобаны жүзеге асыру басты мақсатымыз болды. Бабасын танып өскен балалар даласын сүйіп өседі деген ниет бар. Осы бастаманы қолдап, демеушілік көрсеткен барлық азаматтарға ұжым атынан зор алғысымды білдіремін, — дейді мектеп директоры Нұрбол Ибраев.

Елдегі жағдайға байланысты ашылу салтанаты мен ғылыми конференция кейінге қалдырылды.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button