Басты бет » Денсаулық » Сапалы тағам —  денсаулық кепілі

Сапалы тағам —  денсаулық кепілі

Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету — санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі мақсатының бірі.

Облыстық тауарлар  мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнімдер қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде, 2020 жылдың 9 айында облыстың сауда желілерінен барлығы 1110 өнім сынамасын сатып алды. Оның ішінде отандық өндірушілердің өнімі  —  239 (21,5%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер —  719 (64,7%), басқа елдер — 152 (13,6%) .  Техникалық регламенттердің талаптарына 113 сынама сәйкес келмегендігі анықталды, бұл 10,2% . Соның ішінде тағам өнімдерінің   827 сынамасы  алынып, зерттелді. Техникалық регламенттердің талаптарына 81 сынама сәйкес келмеген. Талапқа сай емес өнімдердің  79,0% таңбалануы бойынша сәйкес келмесе, енді бір бөлігінің физика-химиялық,  микробиологиялық көрсеткіштері дұрыс емес.  Өнімнің  3,7% -ы қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша талапқа сай емес.

Анықталған бұзушылықтарға қатысты кәсіпкерлік субъектілеріне  санитарлық-эпидемиологиялық заңнама бойынша 23 ұйғарым, 5 нұсқаулық хат жіберілді.

2020 жылдың 9 айы ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талабына сәйкес келмеген 2 килограмм құс еті Ақтөбе қаласындағы  сауда объектілерінен алынып, жойылды.

Сәйкестілік декларациялары бойынша 12 іс-құжат облыстық техникалық реттеу және метрология департаментіне жіберілді. Тағам өндіруші кәсіпорындарға — 8, Қазақстанда өнімдер бойынша наразылықтар қабылдайтын  5 мекемеге тиісті шаралар жүргізу үшін хаттар жолданды.

Тұтынушылардың есіне! Өнімдерді сатып аларда міндетті түрде олардың таңбалануына қараңыз! Тез бұзылатын тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен олардың сөрелерде сақталу жағдайына міндетті түрде назар аударыңыз!

Кәмшат ҚОПАЕВА.