Ауыл

Темір ауданында жаңа мешіт бой көтермек

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында 1 мың адамға шақталған мешіттің құрылысы басталды. Ғибадат орны халықтың есебінен, яғни демеушілердің көмегімен салынғалы отыр.

Мешіттің іргетасы аудан орталығындағы Қызылжар шағын ауданында қаланбақ. Сол жерде әуелі үлкен-кіші жиналып, өзара игі тілектерін білдірді. Атап айтсақ, облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Әли Алмат, Досжан ишан атындағы мешіттің наиб имамы Қайрат Дәрменов, аудан ақсақалы Хамит Қырқымбаев, т.б. жаңа мешіттің жастарды, жалпы жамағатты шынайы имандылыққа тәрбиелейтін қасиетті орын болатынына сенім білдірді. Одан соң жиналған қауымға бата беріліп, капсула салу рәсімі жасалды.

Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Тапсырыс беруші — «Munara Shubar» қоғамдық қоры.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button