Ауыл

Спорт алаңы ашылды

Байғанин ауданына қарасты Алтай батыр ауылында әмбебап спорт алаңы ашылды. Ауыл жастарының спортпен айналысып, шыңдалуына қолайлы әдемі спорт алаңын «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Рысқұл ата ұрпақтары тарту еткен.

Рысқұл ата атымен аталатын жаңа спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әсет Жеткізгенов қатысып, ауыл халқын қуанышымен құттықтады.

— Бүгін ашылып жатқан спорт алаңы — ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен бірлігінің көрінісі. Ата-бабаны ұлықтап, рухына тағзым ету — бұл әрбір азаматтың парызы. Осы бір үлкен істі тоғыстырып, ауыл жастарының игілігі үшін алаң салып берген Рысқұл ата ұрпақтарына, қолдау білдірген ауыл әкімдігі мен ауыл тұрғындарына үлкен алғыс білдіреміз. Алтай батыр ауылынан әлемді мойындататын мықты спортшылардың шыға беруіне шын тілекшіміз, — деген ол стадионның құрылыс жұмыстарын ұйымдастырған Нұрадин Сәрсеновке Алғыс хат табыс етті.

Жаңадан салынған спорт алаңында ауыл тұрғындары енді теннис, футбол, баскетбол, волейбол ойнап, тегін жаттыға алады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button