Жаңалықтар

Мектептің ауызсу мәселесі шешілді

Темір ауданы Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Қопа ауылындағы М.Әуезов атындағы негізгі орта мектептің салынғанына биыл 30 жыл. Мектептің басты мәселесі — ауызсудың жоқтығы болатын. Бұл мәселе биылғы жаңа оқу жылында жанашыр азаматтардың арқасында шешімін тапты. Бұған дейін су тасымалданып, мектеп айналысы көгалдандырылған болатын. Дегенмен судың мектеп ауласынан шыққанына не жетсін?

Судың қазылуына демеушілік жасаған Кеңқияқ кентінің әкімі Меңдіғали Макарға және ауызсумен қамтылуына септігін тигізген Шұбарши тұрғыны Аман Болатұлы мен мектеп ұжымының жігіттеріне Қопа ауылының халқы ризашылығын білдіруде. Елімізде халықтың қамын ойлайтын, бірсөзді осындай азаматтар қатары көбейе берсін дейміз.

 Т.КУЛИЕВ,

М.Әуезов атындағы негізгі орта

мектебінің директоры,

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button