Жаңалықтар

«Тіл мерейі — ел мерейі»

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Геолог» мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен туған тіліміздің мерейін көтеру мақсатында «Тіл мерейі — ел мерейі» атты байқау өтті.

Байқау әлеуметтік желі арқылы өңірімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылды. Қарғалы ауданының Ш.Қалдаяқов клубы атынан Елена Тажбағанбетова қатысқан болатын. Тіл тазалығын сақтап, оның орынды да жүйелі қолданылуына ерекше мән беретін Елена аталмыш байқаудан сүрінбей өтіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша ол «Арнайы жүлде» сертификатын иеленіп, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Елена Тажбағанбетова аталған клуб меңгерушісі Ғалия Ақманбетованың бастауымен түрлі жарыстарға қатысып жүр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысып, қоғамдық істерде белсенділік танытып жүрген жастардың болашағына сеніміміз мол.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button