Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

15.10.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған клиникалық симптомдары бар 1 жағдай тіркелді.
1986 жылғы ер адам ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгініп, COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған. Науқас Ақтөбе қаласының тұрғыны, РФ-нан келген.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3269 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1603) және 51%-ы симптомсыз (1666) жағдай. 3215 (98,4%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2356 жағдай, оның ішінде (1051 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 54 (25), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 192 (159), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 102(50), Шалқар ауданы – 106 (60).
Жалпы тіркелген 3269 науқастың 2,4% (84) сырттан әкелінген, 13,6% (442) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,9% (2743) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (927) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 61 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button