Жаңалықтар

Мәртөктік оқырмандармен кездесті

Баспасөз-2021

Өткен аптада баспасөзге жазылу науқаны аясында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Мәртөк ауданына барды.  

Аудан орталығында өткен басқосуда облыстық қос басылымның тұрақты оқырмандары «Ақтөбе Медиа» ЖШС атынан Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кездесу барысында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева ұзақ жылдар бойы қос басылымның тұрақты, жанашыр оқырмандары болып келе жатқан мәртөктіктерге алғыстарын айтты.

Сондай-ақ олар аудандық «Мәртөк тынысы» газетінің редакторы Елена Ониськованың  облыстық басылымдарға ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған тың бастамалар туралы үнемі жазып, өңірдегі жаңалықтармен бөлісіп отыратындығын атап өтті.

Басқосу соңында редакторлар Мәртөк аудандық білім бөлімі мен кітапхана ұжымына, сондай-ақ қос газеттің тұрақты оқырмандары Айжан Жұмабаева мен Шамиль Саринге Алғыс хаттар табыстады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button