Абай — 175

Жапон еліндегі тұсаукесер

Жапонияда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының жапон тіліне аударылған алғашқы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Шарада Күншығыс елінде заманауи жапон поэзиясының «қозғаушы күші» деп танылған атақты ақын және сыншы Кивао Номура жаңа кітаптың тұсауын кесті.

Кітап шығару жобасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің қолдауымен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры жүзеге асырған. Мәтіндердің әдеби аудармасын Токио шет тілдер университетінің профессоры Хироки Сакаи, қазақ әдебиетін зерттеуші Микия Нишимура, жапон-қазақ сөздігінің аудармашысы және құрастырушысы Шигенобу Масуджима жасады.

Шарада әнші Ранка Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін жапон тілінде орындады.

Айта кету керек, биыл ұлы ақынның мерейтойына орай Токиодағы Қазақстан Елшілігі бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда.

ҚазАқпарат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button