Әдебиет

Жыр тарланы – Нұрпейіс

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өлкетану- әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында Н.Байғаниннің шығармаларын насихаттау мақсатында және ақынның 160 жылдық мерейтойына орай «Жыр тарланы — Нұрпейіс» атты бір айлық іс-шара өткізілді.

Н.Байғанин атындағы мәдени қор ұсынған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты деректі фильмнің таныстырылымынан басталған іс-шаралар аясында оқырмандарға «Кемеңгер елдің ертеңі» тақырыбында ұлы тұлғалардың ақын туралы ой-толғамдары насихатталып, Н.Байғаниннің өмірі, шығармашылық жолы туралы кең көлемді ақпараттар ұсынылды.

Сондай-ақ оқырмандарға Н.Байғаниннің «Нарқыз», «Құбығұл», «Төрехан» дастан-жырларының аудио және жазба нұсқалары мен қазіргі заман талабына сай кітапхананың @baishevabiblioteka инстаграм парақшасында оқырмандарға ақын шығармаларын QR код арқылы оқу мүмкіндігі жасалды.

Іс-шаралар аясында «Ақиық ақын жырлары» атты виртуалды кітап көрмесі, «Жырдың жүйрік жыршысы», «Мәңгі сөнбес жарқыраған шырақтай» атты библиографиялық шолулар, «Жырдың жүйрік жыршысы — Нұрпейіс», «Ғасырлардан жеткен бабалар мұрасы» атты жыр сағаттары, «Жыр дүлділі, эпик ақын» тақырыбында бейнедәріс өткізіліп, Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті мен Темір, Байғанин аудандық орталық кітапханалары ZOOM платформасы арқылы «Мен өлмеймін, өрлеймін» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырды.

Сондай-ақ халық ақыны Н.Байғаниннің өшпес мұраларын кеңінен жинақтап, оқырмандарға таныстыру мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталықтың мұрағатынан «Мәңгілік өшпес мұра» тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Жыр тарланы — Нұрпейіс» атты жыр оқу айдарына Темір, Қобда, Мәртөк, Шалқар, Байғанин, Ойыл, Хромтау аудандары және Ақтөбе қаласынан барлығы 21 белсенді оқырман қатысып, Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын облыс тұрғындарына кеңінен насихаттады.

Бір айлық іс-шара соңында кітапхана ұжымы өз оқырмандарына ризашылығын білдіріп, белсенділік танытып, ақынның жыр-дастандарын насихаттауға атсалысқан тұрғындарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Назерке Құлжанова,

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының

өлкетану-әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button