Абай — 175

«Қарасөздер» Индонезия тіліне аударылды

Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге онлайн режимде ұлы Абайдың «Қарасөздері» еңбегінің индонезия тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесерін өткізді.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов аталған шарада Абайдың әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Қарасөздері» индонезиялық оқырмандар үшін алғаш рет ұсынылып отырғанын және олар ұлы ойшылдың шығармалары арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен мәдениетін біле алатынын атап өтті.

Индонезия Ұлттық кітапханасының басшысы Шариф Бандо Абайдың индонезия тіліндегі «Қарасөздері» аудармасының бірінші басылымын қуана қолына алып, алдағы уақытта Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық пен достықты, екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы байланысты дамытуға күш салатынын жеткізді.

Іс-шарада Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалды. Жуырда индонезия тіліндегі ұлы ақынның «Қарасөздер» кітабы екі елдің ұлттық кітапханаларына табысталады, сондай-ақ олардың электронды кітапханаларына орналастырылатын болады.

ҚазАқпарат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button