Спорт

Екінші айналым ойындары басталды

Бірінші лига

Сейсенбі күні, 13 қазанда бірінші лиганың екінші тур ойындары басталды. Кездесулерді бірінші конференциядағы командалар Павлодар қаласында, ал екінші конференция клубтары Шымкент қаласында өткізіп жатыр.

«Ақтөбе» бұл додаға бейсенбі, 16 қазан күні қосылады. Жерлестеріміз бұл турда «Мақтаарал» командасымен кездеседі.

Ал бірінші лиганың бірінші конференциясындағы екінші айналымның кестесі төмендегідей:

VIII тур
13 қазан, сейсенбі

«Қыран» — «Байқоңыр» — 1:3

Гол авторлары: Шоқан Абзалов, 8-минут (0:1); Өркен Махан, 27-минут (0:2); Жансерік Қалдыбай, 31-минут (1:2); Шоқан Абзалов, 58-минут (1:3).

Павлодар қаласы, Орталық стадион. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

«Арыс» — «Алтай» — 3:3

Гол авторлары: Искандар Холмурзаев, пенальти, 17-минут (1:0); Ерсұлтан Төреқұл, 21-минут, пенальти (1:1); Денис Митрофанов, 25-минут (1:2); Стэнли Чисом Нкоби, 30-минут (2:2); Стэнли Чисом Нкоби, 36-минут (3:2); Денис Митрофанов, 85-минут (3:3).

Павлодар қаласы, «Жұлдыз» стадионы. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

«Екібастұз» — «Мақтаарал» — 1:2

Гол авторлары: Арман Смайылов, 45-минут (1:0); Бекзат Жақсыбайұлы, 59-минут (1:1), Руслан Есімов, 90+4 минут, автогол (1:2).

Павлодар қаласы, Орталық стадион. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

IX тур
16 қазан, жұма

«Екібастұз» — «Қыран»
«АҚТӨБЕ» — «Мақтаарал»
«Арыс» — «Байқоңыр»

X тур
19 қазан, дүйсенбі

«Мақтаарал» — «Алтай»
«Қыран» — «Арыс»
«Байқоңыр» — «АҚТӨБЕ»

XI тур
22 қазан, бейсенбі

«Арыс» — «Екібастұз»
«Алтай» — «Байқоңыр»
«АҚТӨБЕ» — «Қыран»

XII тур
25 қазан, жексенбі

«Байқоңыр» — «Мақтаарал»
«Екібастұз» — «АҚТӨБЕ»
«Қыран» — «Алтай»

XIII тур
28 қазан, сәрсенбі

«АҚТӨБЕ» — «Арыс»
«Мақтаарал» — «Қыран»
«Алтай» — «Екібастұз»

XIV тур
31 қазан, сенбі

«Алтай» — «АҚТӨБЕ»
«Байқоңыр» — «Екібастұз»
«Мақтаарал» — «Арыс»

*   *   *

 

Қазір бірінші орында «Ақтөбе» командасы келеді — 14 ұпай. Жерлестеріміз 6 кездесуде 4 рет жеңіп, 2 рет тең ойнады. Доп айырмашылығы — 13:2.

2-орындағы «Қыранның» (Түркістан) 13 ұпайы бар. Бұлар 4 рет жеңіске жетсе, 1 рет тең ойнап, 2 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 10:5.

3-орында 11 ұпайы бар «Арыс» (Арыс) тұр.

4-5 орындарды 10 ұпайы бар «Мақтаарал» (Атакент) мен 7 ұпайы бар «Байқоңыр» (Қызылорда) бөлісіп тұр.

6-орынға 6 ұпаймен «Алтай» (Семей) жайғасса, көш соңында қалған, 7-орындағы «Екібастұздың» (Екібастұз) 5 ұпайы бар.

Бүгінгі дейін «Ақтөбе» ғана 6 ойын өткізді, қалған командалардың барлығы 7 кездесуден өткізді.

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button