Білім

Өмірі өнегелі ұстаз

Биыл Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, халық ағарту ісінің ардагері Мейірхан Орынбасаровтың туғанына 115 жыл. Осыған орай Шалқар аудандық орталық кітапханасы «Өнегелі өмірдің өрнектері» атты онлайн еске алу кешін өткізді.

Мейірхан Орынбасаров — өмірі өнегелі ұстаз. Бар ғұмырын білім беру саласына арнады. Ол Тұмалыкөл ауылында ашылған орысша сауат ашу мектебін, кейін Шалқардағы қазақ-қырғыз  училищесін бітіреді. Ақтөбе мен Алматы қалаларында білім алады. Елді жаппай сауаттандыру кезеңі басталған кезде Мейірхан Орынбасаров халық ағарту ісіне белсене кіріседі. 1928 жылдан бастап бар күш-жігерін осы бағытқа жұмсап, Шалқар, Ырғыз және бұрынғы Новоресей аудандарында білім беру ісімен айналысты. Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінің алғашқы директоры болды. 34 жыл ұстаздық қызмет атқарып, 1962 жылы Тұмалыкөлдегі сегіз жылдық мектептен еңбек демалысына шығады.

Еске алу кешін Шалқар ауданының оқырмандары мен М. Орынбасаров атындағы мектептің түлектері қатысты. Кеште М.Орынбасаровтың өмірбаяны, еңбек жолы туралы кітапхана қызметкері Айнұр Сайлаубайқызы баяндама оқыды. Тұмалыкөл ауылындағы М.Орынбасаров атындағы мектепті бейнежазба арқылы таныстырды.

А.ӨТЕПОВА,

Шалқар аудандық орталық кітапханасының қызметкері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button