Жаңалықтар

Көкөністер сұранысқа ие

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Нектар» сауда үйі алаңында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде 25 тонна картоп, 5 тонна пияз, 3 тонна сәбіз бен 600 келі ет сатылды. Аталған шара «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығының оныншы дүкенінің  ашылуына орай ұйымдастырылды.

— Мұнда еттің келісі 1600-2000 теңгеден сатылды. Халық арзан көкөністі де сатып алуда. Жергілікті жерде өсірілген әрі делдалсыз сатылатын көкөніске сұраныс қашанда жоғары.

Осындай жәрмеңкенің Жаңақоныс ауылындағы «HALYQ SAÝDA» дүкені алдында да өткенін айта кету керек.

Жалпы, «HALYQ SAÝDA» шағын көтерме сауда орталығы — «Ақтөбе» ӘКК-ның көмегімен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Аталған корпорацияның агроөнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Дархан Қалиевтің айтуынша, мұндағы мақсат —  қала тұрғындарын арзан көкөніс пен ет өнімдерімен қамту. Қазіргі таңда қала бойынша осындай 10 дүкен жұмыс істеп тұр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button