Пікір

Сапалы білім жарқын болашаққа жол ашады

Ақтоты САТЫБАЛДИНА,
Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі:

— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керектігіне тоқталды. Оқушының сапалы білім алуы үшін мұғалімдермен және сыныптастарымен араласудың орны бөлек, сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу қажет екендігіне назар аударды.
Бұл Жолдау еліміздің барша ұстаздар қауымына ерекше әсер етіп, оларды алға сеніммен қарап, құлшына еңбек етуге ынталандырды деп ойлаймын. Себебі Жолдауда ұстаздың мәртебесін көтеру, айлық жалақыны өсіру, көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар жөнінде нақты айтылды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдер еңбекақысы 25%-ға өседі, жалақы мөлшері  одан кейін де арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жыл ішінде 1,2 триллион теңге қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен 100% қамтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру, елімізде ғылымды дамыту үшін халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлу тәрізді білім мен ғылым саласындағы маңызды мәселелер жөнінде де хабардар етті.

Жолдауда көрсетілген міндеттер баршамызға ортақ, олардың орныдалуына баршамыз күш салуымыз керек.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button