Мәдениет

Ақтөбелік жас шәкіртақыға ие болды

Байқау

Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор биыл үрлемелі аспаптарда ойнайтын студенттер мен оқушылар арасында байқау жариялады. Нәтижесінде  ақтөбелік Мейірхан Тілектесов 250 мың теңге көлеміндегі стипендияға ие болды.

Мейірхан Ақтөбе қаласындағы №1 балалар музыка мектебінің фортепиано класында оқып, кейін Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің кларнет класына ауысады. Бесінші сыныптан кейін Мейірханның ата-анасы баланың әрі қарай сапалы білім алуы үшін бар мүмкіндікті қарастырады. Сөйтіп Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектепті таңдайды. Қазіргі күні Мейірхан осы білім ордасының 9-сыныбында оқиды. Үш жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Бішкекте өткен халықаралық байқауда Гран-приді жеңіп алды. Бұл жолғы сайыстан ұтқан  ақшаны қайда жұмсайтынын сұрағанымызда, Мейірхан аспап сатып алуға ақша жинап жатқанын айтты. Ақтөбеден шыққан талантты баланың әлі де алар асуы алда. Сәттілік тілейміз!

Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button