Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2020 жылдың 11-қазанында облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ.
10.10.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 3 жағдай тіркелді. Оның 1-уінің клиникалық симптомдары бар әйел адам, ол – Мәртөк ауданынан, ал 2-і – симптомсыз ауру, ер адамдар – біреуі Түркістан облысының азаматы, біреуі – Ақтөбе қаласының тұрғыны.
2 пациентке COVID-19-ға профилактикалық мақсатта тексерілу барысында Мәртөк ауданының «Жайсаң» мемлекеттік шекарасында ПТР зерттеулері қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылған, 1 пациентте ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3257 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1595) және 51%-ы симптомсыз (1662) жағдай. 3204 (98,4%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2346 жағдай, оның ішінде (1049 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 54 (25), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 102(50), Шалқар ауданы – 105 (59).
Жалпы тіркелген 3257 науқастың 2,4% (81) сырттан әкелінген, 13,6% (442) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,9% (2734) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (922) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 32 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button