Жаңалықтар

Мәншүк Мәметованың ескерткіші ашылды

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде болды.

Аталған оқу орнында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың құрметіне оның ескерткіш-бюсті ашылды. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға колледж ардагерлері, ұстаздар қатысты. Жиында облыс әкімі  құттықтау сөз сөйледі.

— Халқымыздың батыр қызы Мәншүк Мәметованың есімімен аталатын киелі шаңырақ ұжымын колледждің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізге сапалы медицина кадрларын дайындаудың ұлағатты ұстаханасына айналған Ақтөбе жоғары медициналық колледжі бай тарихымен, мол тәжірибесімен абыройға ие болып отыр. Бүгінде бұл колледж — біздің өңірдің мақтанышына айналған оқу орындарының бірі, — деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ, LED-экран арқылы Алматы қаласынан Мәншүк Мәметованың апасы Шолпан Мәметованың, Ресейдің Псков облысы Невельский  ауданынан осы ауданның денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елена Воронкованың құттықтаулары берілді.

85 жылдық тарихы бар оқу орны бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам түлек даярлап, ұшырды. Республика бойынша 82 колледждің арасынан бірінші болып көру мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Мейірбике ісі», «Массажшы» біліктілігі және сөйлеу мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Ортопедиялық стоматология» , «Тіс технигі» мамандықтарын ашты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button