Жаңалықтар

Қалыпқа келтіріліп жатқан тұрғын үйлерді аралады

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаланың ескі бөлігін аралап, қасбеттері қалыпқа келтіріліп жатқан көп қабатты тұрғын үйлерді аралады. 

Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтөбедегі көне ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстарына инвесторларды тарту көзделген. Облыс басшысының бұл ұсынысына  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қолдау танытты. Аталған компания қыркүйек айында Шернияз Жарылғасұлы көшесіндегі №62, 64, 66, 68, 70 үйлердің сыртына әрлеу жұмыстарын жүргізуді бастады.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ президенті Вэй Юйсян облыс әкіміне жүргізіліп жатқан  жөндеу жұмыстарын көрсетті.

Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта Ақтөбе қаласында көрікті орындардың саны көбейеді. 150 жылдан астам тарихы бар қалада әдемі ғимараттар жетерлік. Дегенмен жөндеу жұмыстарын жүргізуде олардың тарихи келбетін сақтап қалуды ескеру керек. Белсенділік танытып жатқан компанияға алғыс білдіремін, — деді О.Оразалин.

Облыс басшысы «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжоловқа келер жылы Тұрғындар қалашығы ауданындағы ғимараттардың сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс тастады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа тұрғындар серуендейтін орындардың санын арттырып, Тұрғындар қалашығы ауданындағы үй аулаларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button