Мереке

Қарияларды құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқан қариялармен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

  • Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Сондықтан сіздердің кең, жарық, жайлы үйде өмір сүрулеріңіз үшін біз қолдан келген бар жағдайды жасаймыз, бұл — біздің азаматтық парызымыз. Қарттар күні — мейірімділік пен құрметтің, парасаттылық пен пайымның, кемеңгерлік пен қамқорлықтың мерекесі. Осындай тамаша күні сіздердің дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, мағыналы да ұзақ ғұмыр тілеймін, — деді О.Оразалин.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл орталық ғимаратына жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Келер жылы орталық ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ мерекелік басқосу барысында облыстағы бірқатар кәсіпорындар мен қоғамдық қорлар тарапынан қарияларға қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Айта кету керек, қазір орталықта 200-ден астам қария тұрып жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button