Жаңалықтар

Құнды құжаттың негізгі мәселелері

Облыстық полиция департаментінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды мәселелер айтылып, атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. М.Бөкенбаев атындағы заң институтының өкілдері полицейлерге стратегиялық құжаттың негізгі ережелерін түсіндірді.

Заң институтының өкілі Назгүл Сұлтанованың айтуынша, Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес полицейлердің жұмысын жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынып жатыр. Жоғары оқу орнында жаңа пәндер енгізілуде, яғни учаскелік инспекторлардың жұмысы, полицейлердің халықпен қарым-қатынасының сервистік моделі және құқық қорғау органдарының халықпен жұмысын жақсартуға бағытталған пәндер кешені енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ Жолдауда айтылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оған қарсы күрес жұмыстарына көңіл бөлінуде.

Жұмыс барысында қоғамдық бақылау болғаны жөн. Жолдауда жергілікті полиция қызметін реформалау туралы мәселе көтерілді, атап айтқанда, азаматтар полиция қызметін бақылауда ұстауы керек, —  деді заң институты кафедрасының жетекшісі Айгүл Ибраева.

Сондай-ақ ол  Жолдаудағы ел экономикасына қатысты  8 негізгі ережені, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау және өзге де мәселелерді  айтып берді.

Президенттің Жолдауы елдің одан әрі дамуы үшін, оның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесін, заңнаманы және құқықтық тәртіпті жақсарту үшін үлкен маңызға ие.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button