Әлеумет

410 жаңа жұмыс орны ашылады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Алға ауданында 410 жаңа жұмыс орны ашылады.

Оның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген 208 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.  Аталмыш бағдарлама аясында ауданда 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың жалпы құны 1,6 миллиард теңге болады.

Қазіргі күні 11 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталып, соның нәтижесінде 174 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Оның  35-і — студенттер мен қазіргі жағдайға байланысты уақытша жұмыссыз қалған жастар.

Бағдарлама аясындағы жобаларға жұмысшылар іздестіру барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 1 мамырдан бастап көпшілік шоғырланған жерлерде жобаларды таныстырып, ниет білдірушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Бұл үшін арнайы мобильді топтар құрылып, олар осы істі қазір де жалғастырып жатыр.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button