Жаңалықтар

34 пульсоксиметр әперілді

Жақыныңа жанашыр бол!

Қазіргі пандемия кезінде емдеу мекемелерінде қан тамырларының оттегімен қамтылуын өлшейтін пульсоксиметрлерге деген қажеттілік артты.

Әсіресе, індеттің алғашқы толқыны кезінде пульсоксиметрлердің қажеттілігі қатты сезілген еді. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті осыны ескеріп, халықтан түскен қаржының бір бөлігіне Ақтөбедегі емдеу мекемелеріне пульсоксиметрлер әперуді жөн көріпті. «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында алынған 34 пульсоксиметрдің жартысы — №3 қалалық емханаға, қалған жартысы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілген.

Аталмыш емдеу орындарына аппараттарды облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли табыстады. Өз кезегінде ақ халатты жандар да мешіттің қамқорлығына алғыстарын жеткізді.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button