БілімМереке

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздар мерекесі – орны бөлек, дәрежесі биік, жылылыққа толы, мерейлі мереке. Биылғы жыл ұстаздар қауымына ерекше салмақ түсірді. Кенеттен келген індеттің салдарынан бұрын-соңды бастан кешірмеген жағдай, қашықтан оқыту әдісімен жұмыс жасауға тура келді. Ол көптеген ұстаздардың өз-өзін дамытып, жаңаша көзқарас қалыптастыруға әсерін тигізді. Жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы білім сапасын нығайтуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздар қауымы, қандай болсын құрметке лайық. Осындай мерекелік күнде барлық облыстың білім беру саласының қызметкерлерімен ардагер ұстаздарға ризашылығымды және ыстық ықыласымды білдіргім келеді.
Ақтөбе өңірі – экономикасы қуатты, әлеуметі мығым, руханияты бай әлеуеті мығым, болашағы зор аймақ. Арайлы Ақтөбенің ертеңін қалыптастыратын, дамуына үлес қосатын зерделі ұрпақ тәрбиелеудегі мәртебелі еңбектеріңіз әрдайым табысты болсын!
Ұрпақ тәрбиесі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз сапалы біліммен бекемделіп, асқақ абырой мен биік белестерге жетелейтін жемісті жетістіктермен толықсын.
Баршаңызды төл мерекелеріңіз, ұстаздар күнімен тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймыз!
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін. Мәртебелеріңізді асырар шәкірттеріңіз көп болғай!

Басқа жаңалықтар

Back to top button