Жаңалықтар

Халық шығармашылығы орталығын аралады

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халық шығармашылығы орталығында болды.

Биыл бір ғасырлық тарихы бар ғимаратқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 82,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Облыс мемлекет қорғауындағы тарихи ғимаратты аралап, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын қарады. Алдағы уақытта мұнда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен бөлім мамандары, белсенді жастардан құралған бірнеше үкіметтік емес ұйымдар орналасатын болады.

Ғимаратты қажетті құралдармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетінін жеткізген облыс әкімі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сәбит Мұқановқа мекеме ақтөбелік жастардың ұйымшылдығын арттыратын орталыққа айналу қажеттігін айтты.

Айта кету керек, алдағы уақытта Халық шығармашылығы орталығы ұжымы «Металлург» мәдениет үйіне көшірілмек.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button