БілімБасты жаңалықтарМереке

Тәлім мен тәрбие беделі

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздарды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар тапсырды.

Қала әкімі өзінің құттықтау сөзінде:

— Мұғалім — ең ұлы мамандық иесі. Барша мамандық иелері, ең алдымен, мұғалімнің алдынан білім алады, оның тәлім-тәрбиесін көреді. Біз өмірдегі барлық жетістікке сіздердің, яғни ұстаздарымыздың арқасында жетеміз. Мұғалімнің мәртебесін көтеру, олардың жалақысын көбейту, білім саласындағы басқа да көптеген мәселелерді шешуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысының жуырда халыққа жолдаған Жолдауында да ұстаздарды қолдау үшін жасалатын нақты істер, нақты қадамдар жөнінде айтылды.

Әсіресе, қазіргі қашықтан оқытудың сіздерге қиын тиіп жатқанын білеміз. Балалардың білім деңгейін төмендетпеуге, қайткенде сапалы білім беруге барынша тырысып келесіздер. Осы еңбектеріңіз ақталады деп сенеміз, — деді.

Құттықтау сөзінен кейін ол бір топ ұстазды Алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандар арасында  №70 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Інжу Базарова, №56 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Нұғыманов, №69 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжол Бақтығұлов, №62 орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Мұстафаев, №10 мектептің химия пәнінің мұғалімі Ләззат Жұмағұлова, №50 орта мектептің кітапханашысы Тәжігүл Маманбаева, т.б. бар. Марапатталғандарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдіскері Алмас Жиенғалиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерде де мұғалімдерге ардагерлердің, оқушылардың құттықтауы жазылған бейнероликтер таратылып жатыр.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button