Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

30.09.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 3 жағдай тіркелді. Оның 2-інің клиникалық симптомдары бар, ал 1-і – симптомсыз ауру.
Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындысымен 1973, 1949 жылғы әйел адамдарға COVID-19 диагнозы қойылған. Біреуі – Ақтөбе қаласынан, екіншісі – Мәртөк ауданынан. КВИ ауру белгілерімен 1 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде, біреуі – профилактикалық тестілеу барысында COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3249 жағдай тіркелді, оның ішінде 48,9%-ы ауру белгілерімен (1591) және 51,1%-ы симптомсыз (1658) жағдай. 3180 (97,9%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2342 жағдай, оның ішінде (1048 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 93 (75), Байғанин – 58 (37), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 26 (16), Мәртөк – 51 (22), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 191 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 101(50), Шалқар ауданы – 105 (59).
Жалпы тіркелген 3249 науқастың 2,3% (78) сырттан әкелінген, 13,6% (442) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,9% (2729) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (920) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button