Жаңалықтар

Қазбек жүлделі оралды

Үздік ауыл әкімі

Республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауы қорытындыланды.

Байқауға Ақтөбе облысының атынан қатысқан Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр жүлделі екінші орынға ие болды.

Ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін айтқызбай біліп, қожалық иелерімен, кәсіпкерлермен тіл табыса білетін округ әкімі туған жерін көркейтіп қана қоймай, ел тұрмысын түзетуге де жұмыстанады.

Айта кетейік, Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр «Үздік ауыл әкімі» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпазы атанған болатын.

Жандос АЙТЖАНҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button