Денсаулық

Екпенің маңызы

Биылғы эпидемиологиялық маусымға  жергілікті бюджеттен 68 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға 98 436 доза Ресейдің «НПО Петровакс Фарм» акционерлік қоғамы өндірген үш валентті «Гриппол® плюс»  вакцинасы сатып алынған.  Екпені алты жастан жоғары балаларға салуға болады. Вакцинаны алғаннан кейін оның қорғаныс әсері 8-12 күннен кейін пайда болып, 12 айға созылады.

Екпені кімдер тегін алады? Олар — медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балалар, балалар мен сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйі контингенті және мүгедектері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар және эпидемиологияық көрсетілімдері бойынша 60 жастан асқан адамдар және тағы басқалары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, облыста тұмаудың эпидемиологиялық маусымы кезінде екпенің екі түрі қолданылады. Оның бірі «Гриппол® плюс» болса, екіншісі — Нидерландыда өндірілген «Инфлювак».

Тұмау — адамнан адамға ауа тамшылы және қарым-қатынас  арқылы   тарайтын жұқпалы вирусты инфекция. Сондықтан сақтанып жүрейік.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button