Денсаулық

Коронавирусқа шалдыққандар оңалтудан тегін өте алады

Коронавирус инфекциясына шалдыққан және пневмонияның орташа, ауыр және өте ауыр түрімен ауырып, жазылған қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өтеді.  Бұл азаматтардың үйде немесе ауруханада емделгеніне байланысты емес. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» тиісті бұйрығы қазір Әділет министрлігінде тіркеуден өтіп жатыр.

Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирусқа шалдыққан науқастар медициналық оңалту орталықтарына  жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.

Болат Төкежановтың айтуынша, өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационарда 2 кезең бойынша оңалтуға жатады, кейіннен 3-кезеңге ауыстырылады. КВИ мен пневмонияның ауырлығы орташа түріне шалдыққандар тәуліктік стационарда, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханада 3-кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да оңалтудың үш кезеңінен өте алады. Ол үшін мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button