Ауыл

Бағдарлама барысы — бақылауда

Өткен аптада облысқа іссапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Қарғалы ауданында  болып, «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын байқап көрді.

Ауданға жасаған сапары аясында Айжани Нұрланова Желтау, Қосестек, Бадамша ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Министрлік өкілі еліміз бойынша әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, мемлекеттік бағдарламалар турасында кеңінен баяндады. Кездесуге келген тұрғындар арасында мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын несие алып, өз шаруасын бастаған кәсіпкерлер де болды. Олар өз кезегінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Қосестек ауылындағы кездесуден соң Айжани Нұрланова мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған ауыл тұрғындарымен жекелей жүздесті. Алдымен Ксенья Даниярованың тігін шеберханасымен танысып, кейін Наталья Роденің наубайханасының құрылысын көрді.

Біздің сапарымыздың басты мақсаты — мемлекеттік бағдарламалардың шалғай ауылдарда қалай жұмыс жасап жатқанын көру, халықпен жүзбе-жүз кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдау. Бүгін Ақтөбе облысының алыс ауылдарында мемлекеттік бағдарламалардың қалай жұмыс жасап тұрғанын көзімізбен көрдік. Біздің бұл кездесуіміз мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі толықтырып, дамытуға мүмкіндік береді, — деп түйіндеді өз сөзін Айжани Нұрланова.

Сапар соңында ол аудандық жұмыспен қамту орталығында болып, жұмысымен танысты.

 Виктория ЮСУПОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button