Спорт

«Ақтөбе» 4 гол соқты

Бірінші лига

Жексенбі күні бірінші лиганың бірінші конференциясында бесінші тур ойындары өтті.

Бұл жолы жерлестеріміз «Екібастұз» командасымен кездесті.

7-минутта Олег Чернышев есеп ашқанымен 21-минутта екібастұздық Қуаныш Бегалин қарымта гол соқты. Дегенмен бірінші таймның соңында екібастұздық фуболшы өз алаңында ойын тәртібін өрескел бұзып, ақтөбелік футболшыны шалып құлатты да, он бір метрлік айып добы белгіленді. Пенальтиді Бобан Джорджевич мүлтіксіз орындады. Екінші таймда жерлестеріміз қарсыластар қақпасына және екі гол енгізді.

Осылайша «Ақтөбе» төрт кездесуде екінші рет ірі жеңіске қол жеткізді.

«Ақтөбе» — «Екібастұз» — 4:1

Гол авторлары: Олег Чернышов, 7-минут (1:0), Қуаныш Бегалин, 21-минут (1:1), Бобан Джорджевич, 45+1 минут, пенальти (2:1), Әділхан Таңжарықов, 86-минут (3:1), Виталий Волков, 90+4 минут (4:1).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Жасур Нарзикулов, Куасси Куаджа (Рустам Темірхан, 32-минут), Бобан Джорджевич (Андрей Часовских, 77-минут), Әлішер Әжімов, Әділхан Таңжарықов, Жамбыл Көкеев (Эдуард Суханов, 63-минут), Виталий Волков (капитан), Максим Самородов, Рифат Нурмугамет, Георгий Бурнаш, Олег Чернышов (Рустам Сахибов, 77-минут).

Резервте болғандар: Евгений Ситдиков, Никола Цуцкич, Есен Жасанов, Ардақ Сәулет, Нұрболат Батырханов, Демият Сламбеков, Владислав Прокопенко, Тәуіпбек Орналин.

27 қыркүйек 2020 жыл. «БИІК» спорт кешені, Шымкент. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Алтай» — «Қыран» — 0:2

Гол авторлары: Жақып Қожамберді, 9-минут (0:1), Бекжан Абдрахман, 89-минут (0:2).

«Мақтаарал» — «Байқоңыр» — 3:2

Гол авторлары: Вячеслав Сердюков, 8-минут (1:0), Рамазан Абылайхан, 39-минут (2:0), Константин Задорожный, 65-минут (3:0), Ерболат Серік, 73-минут (3:1), Ерболат Серік, 88-минут (3:2).

*   *   *

Бірінші айналымдағы бес турдан соң бірінші орында «Қыран» (Түркістан) командасы келеді — 13 ұпай. «Ақтөбемен» ғана тең ойнаған «Қыран» басқа командалардың барлығын жеңіп келеді.

2-орындағы «Ақтөбенің» 8 ұпайы бар. Жерлестеріміз де әлі жеңілістің ащы дәмін тата қойған жоқ, бірақ екі рет тең ойнады.

3-орын иесі: «Арыс» (Арыс) — 7 ұпай.

4 ұпайдан жинаған «Алтай» (Семей), «Мақтаарал» (Атакент), «Екібастұз» (Екібастұз) командалары 4-6 орындарды бөлісіп тұр.

Көш соңындағы «Байқоңырдың» (Қызылорда) 1 ұпайы ғана бар.

Ескерте кететін жайт, «Қыран», «Байқоңыр» — бес кездесу, ал қалған командалар төрт кездесуден өткізді.

VІ тур ойындары 30 қыркүйек, сәрсенбі күні өткізіледі:

«Қыран» — «Мақтаарал»

«Екібастұз» — «Алтай»

«Арыс» — «Ақтөбе»

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button