Басты бет » Мәдениет » Ұлттық қазынадан бір үзік

Ұлттық қазынадан бір үзік

Мирас

Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде онлайн режимінде «Маңызы мол сарқылмас ұлттық қазына» атты кездесу-сұхбат өтті.

Музей қызметкерлері Лилия Тұрарқызы мен Айгүл Асқарқызы қонақтарды онлайн қатысып отырған көрермендерге таныстырып, төрт түлік малының қазақ халқының тіршілігіндегі рөлі туралы қысқаша айтып өтті. Кездесуге қатысқан Рабиға Мұқасқызы, Сұлужан Ермекбайқызы, Самиға Бахрадинқызы және Жанша Жақсыгелдіқызы қой жүні мен ешкі түбітінің пайдасы, тұрмыста қолданылуы, олардан киімді қалай тоқып, тігу қажеттілігі туралы айтып, көрпе тігу өнерін ортаға салды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Мұғалжар ауданы.