Экономика

Грантты кімдер алады?

Мемлекеттік бағдарлама

Алға ауданында мемлекеттік грант алып, кәсіп ашып отырған азаматтардың қатары артып келеді. Биыл аудан бойынша 54 азамат қайтарымсыз грант алуға өтініш берген.

Мемлекеттік гранттар бизнесті алғаш бастайтындарға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар көлемі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни биылғы көрсеткіш бойынша 555 600 теңге.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға  бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар үміткерлер бола алады. Алға аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Жазира Серікованың айтуынша, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіп бастаушылар әртүрлі мамандыққа, мысалы, шаштараз, аспаз, жиһаз құрастырушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарға қысқа мерзімді курстардан өтеді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты  қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін жұмсалады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button