Жаңалықтар

Мешіт қызметкерлері ағаш отырғызды

 Сауап

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  құрылғанына 30 жыл толып отыр.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы мерейтойға орай ел есінде қалатын игілікті істерді көптеп ұйымдастыруға тапсырма берген еді.  Мерейтойға байланысты қолға алынған жобалардың бірі — ел аумағында 30 мың түп ағаш отырғызу акциясы.

Акция аясында Ақтөбе өңірінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен қалалық, аудандық мешіттер аулаларында және көшелерде 862 түп ағаш отырғызылды. Бұл іске өңірдегі мешіттер ұжымдарын облыстың бас имамы Төлеби Оспанның өзі бастап шықты. Бүгінге дейін 20 түп қайың, 335 түп терек, 79 түп шырша, 272 түп жеміс ағашы, т.б. ағаштар егілді.

Біздің дінімізде саялы ағаш, жеміс ағаштарын егу сауапты іс саналады. Бас имам осы игі іске мешіт қызметкерлерімен бірге, қарапайым жандардың да атсалысқанын атап өтіп, оларға алғысын жеткізді.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button