Спорт

Тағы да тең ойын

Бірінші лига

Бейсенбі күні бірінші лиганың бірінші конференциясында төртінші тур ойындары өтті.

Бұл жолы «Ақтөбе» түркістандық «Қыран» командасымен кездесті. Әзірге турнир кестесінің бірінші сатысында келе жатқан клубтың ойыншыларына жерлестеріміздің тісі батпай қойды. Бұның алдындағы турдағы бір ойында қатарынан бес гол соққан ақтөбеліктер «Қыран» қақпасының құлпын ашар кілт таба алмады. Осылайша жерлестеріміз үш кездесудің екеуінде тең ойнап отыр.

«Қыран» — «Ақтөбе» — 0:0

«Ақтөбе» бұл кездесуде төмендегі құраммен ойнады: Жасур Нарзикулов (қақпашы, капитан), Куасси Куаджа, Бобан Джорджевич, (Андрей Часовских, 88-минут), Әділхан Таңжарықов, Демият Сламбеков, Максим Самородов (Әлішер Әжімов, 75-минут), Рифат Нурмугамет, Владислав Прокопенко, Георгий Бурнаш, Эдуард Суханов, Олег Чернышов (Жамбыл Көкеев, 83-минут).

Резервте болғандар: Евгений Ситдиков, Никола Цуцкич, Есен Жасанов, Рустам Темірхан, Ардақ Сәулет, Рустам Сахибов, Нұрболат Батырханов, Виталий Волков, Тәуіпбек Орналин

24 қыркүйек 2020 жыл. БИІК спорт кешені, Шымкент. Жанкүйерлерсіз өткізілді.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Екібастұз» — «Арыс» — 1:1

Гол авторлары: Мадияр Райымбек, 60-минут (1:0), Искандар Холмурзаев, 90-минут (1:1).

«Байқоңыр» — «Алтай» — 1:1

Гол авторлары: Елжас Сарыбай, 60-минут (1:0), Алексей Подпругин, 89-минут (1:1).

*   *   *

Бірінші айналымдағы төрт турдан соң бірінші орында «Қыран» (Түркістан) командасы келеді — 10 ұпай.

2-3 орын иелері: «Арыс» (Арыс) — 7 ұпай, «Ақтөбе» (Ақтөбе) — 5 ұпай.

4 ұпайдан жинаған «Алтай» (Семей) мен «Екібастұз» (Екібастұз) 4-5 орындарды бөлісіп тұр.

6-7 орындардағы «Мақтаарал» (Атакент) мен «Байқоңырдың» (Қызылорда) қоржындарында 1 ұпайдан ғана бар.

Ескерте кететін жайт, «Қыран» «Арыс», «Байқоңыр» — төрт кездесу, ал қалған командалар үш кездесуден өткізді.

V тур ойындары 27 қыркүйек, жексенбі күні өткізіледі:

«Ақтөбе» — «Екібастұз»

«Алтай» — «Қыран»

«Мақтаарал» — «Байқоңыр»

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button