Жаңалықтар

Балғасын мұнарасы қайта салынады

Шалқар —  тарихи ескерткіштерге бай өңір. Шалқар қаласынан алпыс шақырым жердегі Балғасын мұнарасы осының дәлелі. Балғасын мұнарасында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орынбор ғылыми архив комиссиясының мүшелері А. Матов, И. Хохлов, Ж. Кастаньелер болған. 1979 -1980 жылдары мұнараны Қазақстан Мәдениет министрілігінің экспедициясы зерттеген. Бұл аймақтағы қорымда Балғасын мұнарасының қалдығынан бөлек Оңалбек ата кесенесі және  кірпіш пен тастан салынған көптеген бейіттер бар.

Тарихшы ғалымдардың зерттеуінше мұнара  ХV-ХVI  ғасырда салынған деген болжам бар. Ал Оңалбек ата кесенесі ХVІІ- ХVІІІ ғасырдың құрылысы деп есептеледі. Қазір Балғасын мұнарасының орны ғана қалған. Мұнараның шығу тарихына қатысты түрлі болжам бар. «Орманбет би өлген күн, он сан ноғай бүлген күн» деп жыр жолдарында айтылғандай, бұл  Ноғайлы босқынының уақытындағы үлкен әміршінің қызы екен дейді. Кейбіреулер бұл арада қала болған деген болжам айтады. «Балғасын» монғол тілінен аударғанда «қала» дегенді білдіреді екен. Қазір мұнараны қалпына келтіру үшін жұмыс жасалып жатыр. Биыл сметалық құжаттарды дайындауға екі миллион теңге қаралды. Егер құжат әзірленсе, Балғасын кесенесі қайта салынады. Туристер үшін арнайы маршрут сызылып, ішкі туризм дамиды, — дейді Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев.

Балғасын мұнарасының қайта салынуы қаржыға байланысты. Қаржы бөлінсе, шалқарлықтар кесенені тұрғызуға әзір отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button