Жаңалықтар

Ата-аналарға арналған мектеп-шеберхана ашылды

Кеше Қазақстандағы Израиль мемлекеті Елшілігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарына арналған мектеп-шеберхана ашылды.

Оның ашылу салтанатына Қазақстандағы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева қатысты.

«Қадам» мектеп-шеберханасы қоғамдық жоба ретінде жүзеге асырылып отыр. Бұл жоба балалары аутизммен ауыратын ата-аналарға қолдау көрсету, оларды жұмыспен қамту, сондай-ақ жеке кәсіп ашуға көмектеседі. Жобаның жетекшісі — израильдік «МАШАВ» халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі бағдарламасының түлегі Анар Даржанова. Ол алдағы уақытта аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Стиль-2017» ЖШС директоры, кәсіпкер, дизайнерлер қауымдастығының төрайымы Ағила Жанғазинамен бірге жұмыс жасамақ.

Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін шеберханаға облыстағы «Растемка»  аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрамындағы 14 ана тартылған. Олар мұнда іс тігудің қыр-сырын меңгеріп, арнайы курстан өтеді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы тігін шеберханаларына немесе кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылады.

Д.ҚАЗИХАН.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button