Жаңалықтар

Биыл облыста 7200 пәтер пайдалануға беріледі

Тікелей желі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен тікелей эфир барысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов хабарлады.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында осы жылдың қаңтар-тамыз айларында барлық қаржыландыру көздерінен 480,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3186 пәтер пайдалануға берілген.

— Биыл қаржыландырудың барлық көздерінен 940 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Алайда алдын ала болжам бойынша бұл көрсеткіш 1024,8 мың шаршы метр немесе 7200 пәтер болып отыр. Оның ішінде, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 49 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй немесе «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы көп қабатты тұрғын үйлердегі 861 пәтер, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 10,6 мың шаршы метр немесе көпбалалы отбасылар үшін 159 пәтер. Бұдан басқа Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаражаты есебінен 191,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй немесе 1829 пәтер,  сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарындағы халықтың жеке қаражаты есебінен 773,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 4351 үй пайдалануға беріледі, — деді Байрон Өтешов.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 9096,3 миллион теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 7892,3 миллион теңге, жергілікті бюджет есебінен 1325,3 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 518 шақырымдық электр, газ, сумен жабдықтау және кәріз секілді инженерлік желілер тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталыпты.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button