Әлеумет

Ардагерлерге берілетін жәрдемақы мөлшері бекітілді

2020 жылдың 6 мамырында «Ардагерлер туралы» ҚР  №322-VI Заңы қабылданды. Осыған байланысты 18 мамырдан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі бекітілді. ҚР Қарулы күштерінің тәжік-ауған аумағында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге,  Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне,  Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 13 335 теңге болып бекітілді.  Жәрдемақыға өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлімдерінде және «Egov» электронды порталында қабылданады.

Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға ардагердің мәртебесін растау үшін төлем түрі көрсетілген анықтамалар беріледі.

Аталған мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлық сұрақтармен 1414 немесе 1411 бірыңғай Call-орталықтарға телефон соғуға болады.

А.ҚОНАҚБАЕВА,  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы  әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша  Ақтөбе қалалық  №2 бөлімінің  басшысы.    

Басқа жаңалықтар

Back to top button