Пікір

Өзекті де ұтымды жол

Болатбек ИМАНҒАЛИЕВ,

Шұбарқұдық гимназиясының директоры.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған білім беру саласына назар аударғаны қуантты. Қашықтан оқыту қазіргідей пандемия уақытында тиімді оқыту форматы болғанымен, оның ұйымдастырылуының өз қиындығы бар екендігін дұрыс айтты. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған осы мәселенің бар екенін ашық айта келе, оны шешудің ұтымды жолын ұсынды. Артынша Үкіметке мейлінше санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралудың жаңа тәртібін әзірлеуді тапсырды. Біз бұны, әрине, қолдаймыз.

Аудан бойынша білім беру ұйымдарында  қазіргі таңда  1053 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде  жоғары санатты педагогтер — 42, ал бірінші санатты педагогтер — 113. Жалпы, педагог мамандар бойынша жоғары және бірінші санатты педагогтер сапасы 37,8 пайызды құрайды.

Дәстүрлі оқыту форматына оралу оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де білім беру сапасын жетілдіруге зор ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button